Eліміздің бірнеше өңірінде ауа райы күрт нашарлайды - Қазгидромет

Бүгін, 05:36 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Бүгін, 3 желтоқсан күні еліміздің 16 облысында ауа райы күрт нашарлайды. «Қазгидромет» дерегінше, бірқатар аймақтарда тұман, көктайғақ, боран және жел күшейеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тұман – Астана, Көкшетау, Талдықорған, Алматы, Ұлытау, БҚО, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, ШҚО, Павлодар, Қызылорда, Жамбыл және басқа өңірлерде;

Көктайғақ – Қарағанды, БҚО, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында;

Боран және қар – Ақмола облысында (түнде және күндіз);

Күшті жел – Жамбыл облысының таулы аумақтарында және Алакөл ойысында (15–20 м/с).
Өскеменде ауа сапасының нашарлауына байланысты екінші дәрежелі қолайсыз метеожағдайлар туралы ескерту сақталып отыр.

Синоптиктер тұрғындарға жолда абай болуды және ауа райының өзгерісіне байланысты сақтық шараларын ұстануды ескертеді.