Допинг дауына іліккен Жәнібек Әлімханұлы шұғыл мәлімдеме жасады

Бүгін, 04:32 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Допинг дауына іліккен Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Мен әрқашан таза спортты қолдаймын. Мұны жақсы білесіздер. Мен таза спортты насихаттап жүргенімді де білесіздер. Жаңалықты оқып таң қалып отырмын. VADA бірінші рет анализ алып бәрі таза деп еді. Мен витаминдеріме де тамағыма да ешқандай өзгеріс енгізбедім. Екінші рет тестте неге мұндай болғанын түсінбей отырмын, біз қайта анализ тапсыруға өтініш айттық. Жауабын күтіп отырмыз», – деп жазды боксшы Instagram-парақшасында.