Қазақстандық WBO және IBF әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының тыйым салынған затқа тесті оң нәтиже берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Prosports.kz сайты The Ring басылымына сүйене отырып, ақпарат таратты.
«Жәнібек Әлімханұлының VADA тестінен кейін тыйым салынған затқа тесті оң нәтиже берді, деп хабарлайды The Ring басылымының тілшісі Майк Коппингер. Жәнібектің сенбіге жоспарланған Эрисланди Лараға қарсы жекпе-жегіне үлкен қауіп төнді. Ерлер арасындағы ең егде жастағы әлем чемпионы Лара WBA титулын басқа қарсыласқа қарсы жекпе-жекте қорғауы мүмкін», - деп жазылған мәлімдемеде.
Осы жағдайға қатысты боксшының өзі де шұғыл мәлімдеме жасаған.
"Мен әрқашан таза спортты қолдаймын. Мұны жақсы білесіздер. Мен таза спортты насихаттап жүргенімді де білесіздер. Жаңалықты оқып таң қалып отырмын. VADA бірінші рет анализ алып бәрі таза деп еді. Мен витаминдеріме де тамағыма да ешқандай өзгеріс енгізбедім. Екінші рет тестте неге мұндай болғанын түсінбей отырмын, біз қайта анализ тапсыруға өтініш айттық. Жауабын күтіп отырмыз!", - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде.