Алматыда автобусқа мінген 2 әйел бір-бірін аяусыз ұрған сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға таңғы уақытта болған. Аталған жағдай бойынша Алматы қалалық Полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр.
«Оқиғаның барлық нақты мән-жайы анықталып, жанжалға қатысқан әрбір тараптың әрекетіне құқықтық баға беріліп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады», – делінген ПД хабарламасында.
Полиция азаматтарды кез келген келіспеушілікті тек құқықтық өрісте шешуге шақырады. Біз құқықтық қоғамда өмір сүреміз, сондықтан қоғамдық тәртіпті бұзу ешқандай жағдайда жол берілмейді.