Риддерде бетперде киген адам жергілікті тұрғынға шабуыл жасаған

Бүгін, 16:53 / Алуа Арман
istockphoto.com

Риддер қаласында жергілікті тұрғынға подъезд ішінде маска киген белгісіз адам шабуыл жасаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Желі қолданушыларының айтуынша, ер адамға өз үйінің кіреберісінде шабуыл жасалған.

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл фактіге қатысты Риддер қаласында "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Ведомство қызметкерлері шабуыл жасаған адамның жеке басын және оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатқанын атап өтті.

Тэгтер:

Риддер шабуыл бетперде