Ислам Чесноков келесі апта Шотландия клубына ауыспақ

Бүгін, 16:42 / Дана Ізтілеуова
ҚФФ

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков шотландиялық «Хартс» клубына ауысуға жақын. Футболшы келесі апта жаңа клуб сапына ауыспақ, , деп хабарлайды turkystan.kz.

Vesti.kz-тің мәліметінше, Чесноков Шотландияға 12-14 желтоқсан аралығында бармақ. Жұмыс визасын алған соң, Риккартондағы «Хартс» базасында жаттығу жиындарына кіріседі. Шотландиялық футбол қауымдастығы (SFA) қазақстандық футболшының клуб сапына қосылуына рұқсат берді.

Белгілі болғандай, клуб оны Шотландия чемпионатына қатыстыруға Жаңа жылдан бастап өтініш бере алады. Чесноков «Хартс» сапында 3 қаңтарда «Тайнкасл» стадионында өтетін «Ливингстон» клубына қарсы ойында дебют жасайды жеп жоспарланып отыр.

Тэгтер:

Ислам Чесноков Шотландия клубы шотландиялық «Хартс» клубы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы