Алматыда борышкерлерден 1 млрд теңге алимент өндірілді

Бүгін, 15:57 / Алуа Арман
istockphoto.com

Алматы прокуратурасы алимент бойынша 1 741 757 теңге қарызы бар борышкерді анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол казинодан 4 миллион теңгеден аса ұтыс ұтқан, алайда үш айдан астам уақыт бойы міндеттемелерін орындаудан қасақана жалтарған. 

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен ол, ҚР ҚК-нің 139-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығын шектеуге сотталған.

Биылғы жылдың 10 айында қала прокуратурасының бастамасымен 14 борышкер алимент төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды. 

Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабыменалимент өндіріп алу туралы сот актілерін орындамағаны үшін 253 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды. 

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 16 мың баланың пайдасына 1 млрд теңгеден астам сомаға алимент берешегі өтелді. 

Тэгтер:

алимент борышкер