Шымкентте самбо күресінен еліміздің ІV жастар спорттық ойындары өтіп жатыр

Шымкентте самбо күресінен еліміздің ІV жастар спорттық ойындары өтіп жатыр

Шымкентте самбо күресінен еліміздің ІV жастар спорттық ойындары өтіп жатыр
ашық дереккөзі
Шымкенттің жеңіл атлетика спорт кешенінде самбо күресінен Қазақстан Республикасының ІV жастар спорттық ойындары өтіп жатыр.
Жарысқа еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан спортшылар келіп, бағын сынауда , деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. Самбо жарысына бас-аяғы 16 команда қатысып, оның құрамындағы 320 балуан өзара бағын сынауда. Үш күнге жалғасатын ойында спортшылар арасындағы мықтылар іріктеліп, ертең ақтық сайысқа қатысады. Айта кетейік, самбодан басталған жастар ойыны кейінгі буын арасында спортты дамытудың қамы. Әрі еліміздегі негізгі құраманы жасақтау міндетімен ұштасады. Ал, республиканың барлық облысын қамтыған жастар ойыны жалпы, спорттың 35 түрін қамтиды. Оның 6-ауы әдетте Шымкент жерінде өтеді. Бұл жолғы байрақты бәсекенің бәсі дүбірлі додаға іріктеу болып табылатынымен де құнды болып отыр.