Оралда жеке үйлерден ұрлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Орал қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері жеке үйден электр құралдарын және ақша қаражатын ұрлады деген күдікпен бұрын сотталған 35 жастағы ер адамды ұстады.
Полиция мәліметінше, күдікті үйге заңсыз кіріп, бұрғы, электр ара, сондай-ақ ішінде 250 АҚШ доллары болған сөмкені ұрлап кеткен. Үй иесіне келтірілген жалпы шығын 2 млн теңгеден асқан.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, қылмысқа қатысы барын мойындады. Ұрланған мүлік оның тұрғылықты жерінен табылып, заңды иесіне қайтарылды.
Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері күдіктінің қаланың бау-бақша қоғамдарының біріндегі үйден жасалған осындай ұрлыққа да қатысы болуы мүмкін екенін анықтады. Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері қала тұрғындарын үйлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады. Сенімді құлыптар орнату, бейнебақылау немесе дабыл жүйесін қолдану, сондай-ақ мүмкіндігінше терезелер мен есіктерді нығайту ұсынылады.