Ақтөбеде ер адам мен жасөспірімнің мәйіті табылды

Бүгін, 14:48 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақтөбе облысында жоғалған екі адамның денелері табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

1 желтоқсанда полицияға екі адамның жоғалғаны туралы хабар түскен. Әлеуметтік желілерде жоғалғандар – 16 жастағы жасөспірім мен 27 жастағы ер адам екені хабарланған. Олар 30 қараша күні үйден шығып, қайта оралмаған.

Полиция бірден іздеу жұмыстарын бастаған. Өзен жағасынан жоғалғандардың мобильді телефондары табылды.

Іздеуге ТЖД қызметкерлері, әскери қызметшілер және еріктілер қосылды. Өзен бойы жағадан да, судан да мұқият тексерілді.

«Іздеу шаралары барысында жоғалғандардың денелері өзеннен табылды, денелерінде зорлық белгілері жоқ. Тергеу шаралары жалғасып жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталуда», – делінген хабарламада.

 

Тэгтер:

Ақтөбе Жасөспірім мәйіт Ер адам