Атырауда автокөлік атты қағып, содан кейін жүк көлігіне соғылған

Бүгін, 14:17 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Апат 1 желтоқсан күні шамамен 18:40-та Атырау – Орал республикалық маңызы бар автожолының 29-шақырымында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі жолға шыққан жылқыны қағып, артынша қарсы бағытта келе жатқан MAN TGX жүк көлігімен соқтығысты. Оқиға салдарынан 1987 жылы туған жүргізуші мен 1990 жылы туған жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта қажетті материалдар жиналып жатыр», – деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, қарсы жолаққа шықпауға, жылдамдықты асырмауға және жеке әрі өзгенің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Себебі қауіпсіздік – ең бастысы!

Тэгтер:

Атырау Жол апаты Автокөлік ат