Оңтүстік – Шығыс Азиядағы су тасқыны мыңнан астам адамның өмірін алып кетті

Бүгін, 11:11 / Алуа Арман
Фото: Caliber.az

«Дитва» циклоны тудырған су тасқыны бір апта ішінде Индонезия, Таиланд, Малайзия және Шри-Ланканы басып, мыңнан астам адамның өмірін қиды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Индонезияда 502 адам қаза тапты, жүздеген адам із-түссіз жоғалды.

Шри-Ланкада қаза тапқандар саны 335-ке жетті. Елде төтенше жағдай режимі енгізіліп, билік халықаралық көмек сұрады.

Таиландтың оңтүстігінде 176 адам көз жұмды. Қоғамдық наразылыққа байланысты екі жергілікті шенеунік қызметінен босатылды.

Малайзияның Перлис штатында құрбандар саны үш адамға жетті.

«Дитва» циклоны 2025 жылдың қараша айының соңында Үнді мұхитында қалыптасып, 29 қарашада секундына 20,8 метрге дейін жеткен желмен күшінің шегіне жетті. 30 қарашада ол «терең тропикалық депрессия» деңгейіне дейін әлсіреді.

Тэгтер:

Азия су тасқыны