Семейлік блогер 5 тәулікке қамауға алынды

Бүгін, 10:53 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

22 қараша күні Семейдегі мейрамханалардың бірінде өткен стендап-шоуда жергілікті блогер көпшілік алдында бейәдеп сөздер қолданғаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиғаға қатысты бейнежазба әлеуметтік желілерге таралып, қоғамдық пікірдің қызу талқысын тудырды.

Полиция қызметкерлері жарияланған видеоматериалды зерделеп, аталған азаматты қоғамдық орында бейәдеп тіл қолданғаны үшін жауапкершілікке тартты. Сот әкімшілік істі қарау барысында оның кінәсін анықтап, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу туралы шешім қабылдады.

Полиция көпшілік алдында өтетін іс-шаралар, соның ішінде әзіл-сықақ бағдарламалары да, қоғамдық мораль нормаларын сақтап, көрермендерге құрмет көрсету талаптарына сай жүргізілуі қажет. Қоғамдық ортада бейәдеп сөздер айту, сондай-ақ оны интернет арқылы тарату заңға қайшы келеді және құқықтық жауапкершілікке әкеледі. Осындай құқық бұзушылықтарға қатысты полиция тарапынан қажетті шаралар қабылданатын болады. Қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер назардан тыс қалмайды.