Жетісу облысының Дос-Сарыөзек аралығында ер адам жүк пойызының астына түсіп кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға 30 қарашада сағат 14:56-да болған.
"Жүк пойызының машинисі 43 км/сағ жылдамдықпен келе жатып, теміржол жолдарына адамның шығуына байланысты шұғыл тежеуді қолданған. Ер адам локомотивтің берілген сигналдарына жауап бермеген. Салдарынан ол аяғынан жарақат алып, жедел түрде Сарыөзек станциясының ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлады ҚТЖ.
Көліктегі полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр.
"Үштөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері темір жол көлігі жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр", - дейді ведомстводағылар.