Ақмола облысында оқушыларды көлік қағып кетті

Бүгін, 05:08 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Ақмола облысында жаяу жүргіншілер өткелінде екі оқушыны көлік қағып кетті.

Жарақат алған 5 және 15 жастағы екі қыз ауруханаға жатқызылды. Оқиға Ақмола облысының Целиноград ауданында болған.

Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, 1 желтоқсанда жүргізуші «Ниссан Премьера» автокөлігімен Қоянды кентінде жүріп келе жатып, жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан 2 кәмелетке толмаған баланы соғып кеткен.

– Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Аталған факт бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлады полициядан.