Әмір Омарханов әлемнің үздік теннисшілерінің қатарына енді

Бүгін, 16:46 / Алуа Арман
Фото: instagram.com/_maestroamir_

Ересектер турниріндегі жеңісінен кейін Әмір Омарханов әлемнің ең мықты теннисшілерінің ТОП – 1000 тізіміне енді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол осылайша 241 орынға, яғни 1100-орыннан 859-орынға көтерілді.

Әмір бұл үлкен серпіліске ересектер арасындағы алғашқы жеңісі арқылы қол жеткізді. Бұған дейін ол Тунистің Монастир қаласында өткен ITF M15 санатындағы турнирде чемпион атанған. Финалда ол әлемдік рейтингте 824-орында тұрған Германия теннисшісі Макс Шонхаусты (6:3, 3:6, 6:4) жеңді.

Қазақстандықтардың ішінде әлемдік рейтингте ең жоғары орын алатын теннисші – Александр Бублик, ол планетаның ең мықты ойыншылары тізімінде 11-орынды сақтап тұр.

Әмір Омарханов Қарағанды теннис мектебінің тәрбиеленушісі, бапкері – Петр Нестеров. Кейін Белградтағы Янко Типсаревич академиясында Неманя Лаличтің жетекшілігімен жаттыққан.

2023 жылдың маусымында Омарханов Грузияда өткен ITF Juniors турнирінде 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасында абсолютті чемпион болды. Сол жылдың 10 қазанында Оңтүстік Кореяда өткен беделді ITF Juniors турнирінде жеңіске жетті.

2024 жылдың 24 қаңтарында жас қазақстандық Australian Open-2024 юниорлық турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Тэгтер:

теннис Әмір Омарханов үздіктер