Жетісуда ер адамды пойыз қағып кетті

Бүгін, 14:08 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«30 қараша күні сағат 14:56-да Дос – Сарыөзек өтпесінде сағатына 43 км жылдамдықпен келе жатқан жүк пойызы шұғыл тоқтады. Себебі жолға адам шығып кеткен. Ер адам аяғынан жарақат алып, Сарыөзек станциясының ауруханасына жеткізілді», - делінген «Қазақстан теміржолы» компаниясының хабарламасында.

Пойыз 39 минутқа кешігіп, 15:35-те әрі қарай жүріп кеткен.

 

Тэгтер:

Жетісу Пойыз Сарыөзек