Францияда халыққа шағымдануға тыйым салынды

Бүгін, 18:15 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Францияның Сен-Брие қаласының билігі тұрғындарға бір апта бойы шағымдануға тыйым салынды. Қалалық әкімдік адамдарды үнемі реніш айтып, негатив тарату әдетінен арылту үшін «Ізеттілік аптасын» жариялады. The Times басылымының хабарлауынша, осы аптада тұрғындар айналасындағыларға жылы сөз айтқаны жөн, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұған көмектесу үшін мэрия арнайы нұсқаулық әзірлеген, кезек күткенде немесе қоғамдық көлікте қалай жеңіл әрі достық әңгіме бастауға болатыны көрсетілген. Сонымен қатар адамдарға үйде немесе жұмыс орнында «жақсы көңіл-күй» күнтізбесін жүргізу ұсынылды. Онда күн сайын өз жетістіктерін белгілеп отыра алады. Тапсырманы табысты орындағандарға сыйлықтар қарастырылған.

Бұған дейін Жапонияның Тоеакэ қаласы өз тұрғындарына цифрлық құрылғыларды пайдалануға шектеу енгізген еді. Жергілікті билікке сәйкес, смартфон, планшет, ойын приставкалары мен компьютерді жұмыс пен оқу уақытын есептемегенде күніне екі сағаттан артық қолдануға болмайды.

Билік өкілдері мұндай шаралар адамдарды шынайы өмірге қайта жақындатып, жақындарымен көбірек уақыт өткізуге көмектеседі деп сенеді.

Тэгтер:

Франция Тыйым шағым