Қазақстандық теннисші Зарина Диас 2026 жылғы Австралия ашық чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Отандасымыз Қытайда өткен The Australian Open Asia-Pacific іріктеу турнирінде осындай мүмкіндікке қол жеткізді. Осы жарыстың жеңімпазы Australian Open турнирінің негізгі кезеңіне wild card алу мүмкіндігіне ие болатын.
Іріктеудің финалында Зарина Тайбэй өкілі Лян Эньшуомен кездесіп, 6:3, 6:4 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Айта кетейік, Зарина Australian Open жарысында 2014, 2015, 2020 және 2021 жылдары үшінші айналымға дейін жеткен.