1 желтоқсаннан бастап Астана және Алматы қалаларындағы кезекші орталықтардың мекенжайлары өзгерді. Актуалды тізімді карусельден көре аласыздар, деп хабарлайды turkystan.kz.
Еске саламыз, кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері 09:00–20:00 аралығында, ал сенбі күні 09:00–13:00 аралығында қызмет көрсетеді.
Кезекші мамандандырылған ХҚКО-ларда жұмыс күндері өтініштер 09:00–18:00 аралығында қабылданып, дайын құжаттар 20:00-ге дейін беріледі. Сенбі күні өтініштер 09:00–12:00 аралығында қабылданып, дайын құжаттар 13:00-ге дейін беріледі.
Айта кетейік, кейбір өңірлерде кезекші орталықтардың жұмыс кестесі өзгеше болуы мүмкін. Белгілі бір бөлімшенің нақты жұмыс уақытын «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы біле аласыздар.