«Ота жасаған соң балалы болдық»: Елдос Колобок ұлының қалай дүниеге келгенін айтты

Бүгін, 11:18 / Алуа Арман
Ғаламтор

Тоғыз жыл күтіп, биыл ұлды болған Елдос Колобок Аман Тасығанға берген сұхбатында осы күнге қалай жеткенін айтты. Блогер қандай ем қолданғанын баяндады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бала мәселесін бір жыл бойы қозғамағанбыз. Америкаға барып емделеміз, соған ақша жинайық деп жүргенбіз. Бір күні түсімде өз әкем мен қайын атамды көрдім. Екеуі де марқұм болып кеткен. Сол түсті жорып, келіншегіме тағы бір көрейік дедім. Сөйтіп Ләйлә Сұлтанқызына хабарластық. Астанаға баратын болып шештік. Тек бәрінің құпия болуын сұрадық. Бардық. Өзінің ісін шебер меңгерген адамдарға бардық. Ол кісілер «Біз Құдай емеспіз, әрекет жасаймыз. Алла қаласа болады» деді. Бірнеше айға дәрі жазып берді. Гормоналды дәрілер ғой. 28 күнде 13 кг қостым. Операция жасаймыз деді. Менен де жас жігіт. Бірақ білікті, небір профессорлардың алдын орап кететін маман екен. «Мен сізге операция жасап, ештеңе таппасам, сіз Америкаға да бармай-ақ қойыңыз. Сол жақтағы аппарат міне алдымызда тұр. Бұл жақта таппасақ, ол жақта да таппайды» деді. Операциядан кейін көзімді ашқанда «Елдос мырза, сүйінші, сіз өзіңіз әке бола аласыз. Операция жақсы өтті» деді. Әңгіме онымен бітпейді екен. Одан кейін де біраз емделдік. Қазаннан ақпанға дейін емделдік. Ақпанда Меккеге барып, жылап сұрап келдік. Сол кезде нәтиже болды. Бұдан кейін де балалы болуға мүмкіндік бар», - дейді ол.

Тэгтер:

әке операция Елдос Колобок сәби сүю балалы болу