Павлодар прокурорлары «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының жүйелі түрде бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Атап айтқанда, талаптарға сәйкес тапсырыс берушілер 30 күн ішінде жеткізушіні мемлекеттік сатып алудың адал емес қатысушысы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге міндетті.
Талдау көрсеткендей, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар бұл мерзімдерді бірнеше рет елемеген. Мұндай әрекетсіздік адал емес жеткізушілердің жауапкершіліктен жалтаруына мүмкіндік береді, тіпті оларшарт талаптарын орындамаса да. Заңда мұндай бұзушылықтар үшін лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауаптылығы тікелей көзделген.
Мысалы, сот «KAZ SERVICE PVL» ЖШС-не қатысты «Ақсу қаласының мектеп-лицейі» КММ-нің талап арызын заңда белгіленген мерзімді өткізіп алуына байланысты қанағаттандырудан бас тартты.
Яғни, мекеме серіктестік тарапынан міндеттемелердің бұзылғанын 2024 жылғы тамыз айында білген, алайда талап тек бес ай өткен соң берілген.
Прокуратураның енгізген ұсынуын егізінде Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мектеп директорын әкімшілік жауаптылыққа тартып, айыппұл салды.
Барлығы осындай құқықбұзушылыққажол берген 19 лауазымды тұлғажауапкершілікке тартылды.