Алматы облысында көлік қозғалысы шектелді

Бүгін, 09:10 / Алуа Арман
istockphoto.com

Алматы облысында қалың тұман түсуіне байланысты көлік қозғалысы шектелді. Ауа-райы нашарлап, жол көрінбей қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«2025 жылғы 1 желтоқсан сағат 07:15-де Алматы облысында ауа райының нашарлауына (қалың тұман, көрінудің шектелуі) байланысты «Алматы–Талдыкорған–Өскемен–Шемонаиха–РФ шекарасы» автожолының 25–67 шақырымдары (ААП– Қонаев қаласы) аралығында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді», - делінген «ҚазАвтоЖол» компаниясының хабарламасында.

Жолды 2025 жылғы 1 желтоқсан сағат 10:00-де ашу жоспарланған.

Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығынан алуға болады.

Тэгтер:

көлік қозғалысы Тас жол трасса жол жабылды