Tesla жүк көліктерінің қашан шығатыны белгілі болды

Tesla жүк көліктерінің қашан шығатыны белгілі болды

Tesla жүк көліктерінің қашан шығатыны белгілі болды
ашық дереккөзі
Tesla бас директоры Илон Маск Twitter желісіндегі парақшасында компанияның жүк көліктері қашан шығатынын жариялады. Илон Масктың айтуынша, электрқуатымен жүретін фуралар 2017 жылдың күзінде таныстырылады.
"Tesla жүк көлігі қыркүйекте таныстырылады. Біздің команда жақсы жұмыс жасады. Бұл шын мәнінде жаңа деңгей", - депа жазды Маск әлеуметтік желіде. Жазбаның сұрақтарына ол болашақта Tesla пикаптары мен родстерлерінің пайда болатынын айтты. Осы компанияның басқа көліктеріндегідей жүргізушісіз басқару жүйесі жүк көлігінде де болуы ықтимал.