Кристина Шумекова конькимен жүгіруден Әлем кубогында үшінші алтын медалін жеңіп алды

Бүгін, 08:26 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Ұлттық Олимпиадалық комитеттің мәліметінше Қазақстандық конькиші Кристина Шумекова Италияның Милан қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының үш дүркін жеңімпазы атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бүгін, 30 қарашада спортшы 1500 метрлік қашықтықта алтын медаль жеңіп алды.

«Екінші орынды Аяно Секигучи (Жапония) иеленді. Үздік үштікті Цзямин Цзян (Қытай) түйіндеді», - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шумекова 1000 және 3000 метрлік жарыстарда жеңіске жеткен болатын.