Бүгін елімізде «Газбаллон» республикалық акциясы басталады. Бес күнге жалғасатын профилактикалық шараны Төтенше жағдайлар және Ішкі істер министрлігі бірлесіп өткізеді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Акцияның басты мақсаты — газ баллонды пайдалану кезіндегі құқық бұзушылықтардың және авариялық жағдайлардың алдын алу.
Шара барасында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына, оның ішінде өрт қауіпсіздігі қағидаларының 1074-тармағына ерекше назар аударылады. Аталған тармаққа сәйкес газ баллон орнатылған автокөліктерді:
қоса салынған немесе жапсарлас өзге мақсаттағы үй-жайларда;
жабық түрдегі паркингтер мен автотұрақтарда;
жер деңгейінен төмен орналасқан үй-жайларда және тұрақтарда орналастыруға қатаң тыйым салынады.
Осы талаптардың бұзылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, сондықтан шара барысында нормалардың сақталуына бақылау күшейтіледі.
«Газбаллон» акциясы аясында мамандар паркингтер мен жолдарда рейдтік тексерістер жүргізіп, осымен жабдықталған көліктерде заңсыз орналастыру фактілерін анықтау және жолын кесу шаралары жоспарланған.
Сондай-ақ тұрғындарға паркингтерге мұндай автокөліктердің кіруіне жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Оған қоса, акция кезінде газ құю станцияларында профилактикалық шаралар өткізіледі.