Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

Бүгін, 05:57 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

"Қазгидромет" 1 желтоқсанға Астана қаласы мен еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астанада тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында да айдынды тұман күтіледі.

Жетісу облысының орталығында түнде және таңертең тұман болады. Талдықорғанда да түнде және таңертең тұман түседі.

Абай облысының солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Өңірдің оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, оңтүстігі және шығысында тұман болады.

Қостанай облысының солтүстігі, батысы және оңтүстігінде тұман түседі. Қостанай қаласында да тұман күтіледі.

Атырау облысының солтүстігі мен батысында түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы облысының батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан облысының батысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ таулы аймақтарында да тұман түседі. Түркістан қаласында түнде және таңертең тұман болады.

Жамбыл облысында кей уақытта тұман күтіледі. Таразда да ара-тұра тұман түседі.

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында көктайғақ пен тұман күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында күндіз көктайғақ болады. Түнде өңірдің солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Павлодар қаласында түнде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады, батысында тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігі, шығысы және орталығында тұман күтіледі. Жезқазғанда да тұман болады.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Қызылордада кей уақытта тұман күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігі мен оңтүстігінде тұман болады. Қарағанды қаласында да тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және шығысында тұман күтіледі. Оралда да тұман болады.