Тоқаев Индонезия Президенті мен Таиландтың Премьер-министріне жеделхат жолдады

29 қараша, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Индонезия Президенті мен Таиландтың Премьер-министріне көңіл айту жеделхаттарын жолдады.
 

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған елдердің аумағында болған су тасқыны салдарынан көптеген адамның қайтыс болуына байланысты Индонезия Президенті Прабово Субиантоға және Таиланд Премьер-министрі Анутин Чарнвиракулға көңіл айтты.