Шымкентке әртіс керек емес, бұл жақта бәрі өнерлі – "Әзіл әлемі" актері

Бүгін, 20:00 / Өтей Торғайұлы

"Оңтүстік" телеарнасының "Таң нұры" бағдарламасында «Әзіл әлемі» театрының актері Медет Досқанаев қонақ болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол бағдарлама барысында өнердегі бүгінгі ахуал, комедияның бағыты және жас таланттар туралы шынайы пікірін бөліскен.

"Біздің театрдың директоры Тұрсынбек Қабатов, мысалы, бір ай гастрольдік сапарға шығатын болсақ, Шымкентке сол уақыттың жиырмасыншы күні ғана келеді. Себебі ол "Жиырма күн ішінде Шымкентке әзілдің бәрін пісіріп, жетілдіріп әкелуіміз керек" деп айтады. Өйткені Шымкентте екі адам отырып, бір-бірін күлдіре береді. Бұл қалаға әртіс керек емес. Кез келгені интернетте тарап кеткен "мемдердің" авторы болып жүр",  - деді Медет Досқанаев тікелей эфирде.
 

Тэгтер:

Шымкент Медет Досқанаев