Астанада үш жаңа автобус бағыты іске қосылады

Бүгін, 17:28 / Інжу Әлихан
CTS

Астанада 29 қарашадан бастап қоғамдық көліктің желісіне үш жаңа маршрут қосылады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бағдарлар бағыттары:

Жаңа бағдарлар елорданың бірқатар маңызды нысаны арқылы жүреді.

Мысалы, №65 бағдар жаңадан ашылған С.Шаймерденов көшесімен қатынайды, №68 бағыты «Бағыстан»ТК қаланың оң жағалауымен байланыстырып, К.Әзірбаев және М.Жұмабаев көшелерін қоғамдық көлікпен қамтамасыз етеді.

Жаңа бағыттардың жұмысы жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға және қоғамдық көлікпен қамтуды жақсартуға бағытталған.

Қозғалыс сызбаларын Avtobys қосымшасынан көре аласыздар.