Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасының тарихына енді

Бүгін, 17:17 / Алуа Арман
Фото: fckairat.com

Жас шабуылшы Чемпиондар лигасында гол соғып, турнир тарихындағы ең жас гол авторларының үздік үштігіне енді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кеше Сәтпаев Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде гол соққан алғашқы қазақстандық футболшы атанды. Оның “Копенгагенге” қарсы матчтағы дәл соққысы тарихи оқиға болды, алайда алматылық клуб 2:3 есебімен жеңіліс тапты.

Бұған дейін Дастан тек іріктеу кезеңдерінде ғана көзге түскен еді. Ал енді оның голы жас шабуылшыны ЧЛ тарихындағы ең жас гол авторларының тізімінде Ансу Фати мен Ламин Ямалдан кейінгі үшінші орынға шығарды.

Жас қазақстандықтың голы оның жеке жетістігі ғана емес, бүкіл отандық футбол үшін маңызды белес болды.

Тэгтер:

Футбол Дастан Сәтпаев Чемпиондар Лигасы