Жаңалықтар

ЕАЭО мүше елдері экономикалық өсім көрсетіп отыр

ашық дереккөзі

ЕАЭО мүше елдері экономикалық өсім көрсетіп отыр

Қазақстан Президенті Бішкекте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген отырысында баяндама жасады, деп хабарлады «ҚазАқпарат». Нұрсұлтан Назарбаев мамырда Астанада Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойған сәтке үш жыл толатынын атап өтті. Мемлекет басшысы кемшіліктер мен қауіпке қарамастан, ұйымның өмір сүруге құқы бар, ал мүше мемлекеттер экономикалық өсім көрсетіп келеді. ҚР Президентінің айтуынша, бастапқы күрделі кезеңде көп жұмыстар жасалды. Шарттық құқықтық база құрылып, тұрақты кеңу үстінде. Ұзақмерзімді, ортамерзімді басымдықтар айқындалды. Практикада тауарлар, қызметтер, капитал, жұмыс күші еркін қозғала бастады. Түрлі елдермен, халықаралық ұйымдармен байланыс реттеле түсуде. «ЕАЭО-ның қалыптасу кезеңі барлық елдердің дағдарыс құбылыстарын еңсеруі тиіс қиын кезеңге дөп келді. Мұның барлығы соңғы уақыттарда елеулі төмендеп, қауіп тудырған ұйымның көрсеткіштерінен байқалды. Бұл ақталмады. Дағдарыс мәңгілік емес. Төмендеу бар жерде өсу де бар. Өткен жылы біздің елдердің басым бөлігі экономикалық өсім көрсетті. Оның ішінде Қазақстан да бар. 2017 жылдың басындағы статистика деректері бізде ерекше оптимизм оята түсуі қажет», - деді Н. Назарбаев. Екі ай қорытындысы бойынша ЕАЭО сыртқы сауда көлемі 37%-ға, өзара сауда 38%-ға артты. «Мысалы, Қазақстанның ЕАЭО-мен саудасы 56,5%-ға, Ресеймен - 50%-ға, Беларусьпен - 50%-ға, Қырғызстанмен - 41%-ға, Армениямен - 3,5 есеге артты. Яғни, кемшілік кемшілігімен, ал біз одан әрі жұмыс істеуіміз қажет екенін көрсетіп жатырмыз», - деді ҚР Президенті. Ресей Президенті Владимир Путин ЕАЭО-ның жұмыс істеуін мүше мемлекеттер үшін «қауіпсіздік жастығына» балады. «Белгілі бір дәрежеде ол (одақ) сыртқы конъюнктураның ықпалын жойып, ұлттық экономиканы жаңа бағыттарға бейімделді», - деді РФ басшысы. В. Путиннің айтуынша, көп жағдайда одақ нарығының арқасында Қазақстанда жаңа - автомобиль жасау саласы дамуда.