Tesla-ның бұрынғы директорының айтуынша, Илон Маск бірнеше жыл бойы Қытайдан автокөліктер сатып алып, оларды толық бөлшектеп, идеяларын зерттеген, деп хабарлайды turkystan.kz businessinsider.com-ға сілтеме жасап.
Tesla-ның бұрынғы жаһандық сату және маркетинг директоры Джон МакНилл мәлімдегендей, компания бірнеше жыл бойы Қытайдан электромобильдер сатып алып, оларды толықтай бөлшектеп зерттеген. Осы зерттеулердің нәтижесінде Tesla өз танымал модельдерінде Қытайлық тәжірибені қолданған.
Маск қытайлықтардан мынаны үйренген: жүргізуші көрмейтін бөлшектер арзан және бірдей болуы керек. Сол себепті қазіргі Model 3 пен Model Y автокөліктерінде 75%-ға дейінгі бөлшектері ортақ. Бұл тәсіл өндірісті оңайлатуға және шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
МакНиллдің сөзінше, Tesla Қытайлық машиналарды «ең ұсақ бөлшектеріне дейін» бөлшектеп, инженерлік шешімдер мен идеяларды өз өнімдерінде пайдалана отырып, өндіріс тиімділігін арттырған. Бұл тәжірибе Model 3 пен Model Y-дің жетістігінде көрініс тапқан.