Дзюдошы Әбиба Әбужақынова Grand Slam турнирінің қола жүлдесі үшін күреседі

Бүгін, 16:32 / Інжу Әлихан
olympic.kz

Абу-Дабиде (БАӘ) дзюдодан Grand Slam турнирі басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандық Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін күреседі.

Отандасымыз 1/4 финалға дейін жетіп, бұл кезеңде Қытай өкілі Синьжань Хуэйге жол берді.

Әбужақынова жұбаныш белдесуінде Моңғолия спортшысы Наранцэцэг Ганбаатарды жеңді.

Қазақстандық дзюдошының келесі қарсыласы испаниялық Ева Перес Солер болмақ.