Қазақстандағы ең жас әкім Маңғыстау облысында қызмет атқарады

Бүгін, 15:46 / Інжу Әлихан
Маңғыстау облысы ҚКО

Еліміздегі ең жас әкім – Маңғыстау ауданы Шебір ауылдық округінде қызмет атқаратын 27 жастағы Сағынжан Тұрақбаев, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сағынжан Тұрақбаев ауыл тұрғындарының тікелей сайлауы арқылы 2024 жылдың наурыз айында әкім болып тағайындалып, содан бері өз қызметін атқарып келеді. Жас болса да, ауыл басшысы өзіне жүктелген жауапкершілікті терең сезінетінін атап өтті.

«Жаспын деп еркелеуге болмайды. Барлық іске жауапкершілік керек. Ауыл тұрғындарының сенімі мен аманаты бар. Сондықтан бәріміз бірге жұмыла жұмыс істеп жатырмыз», – деді Сағынжан Тұрақбаев.

Тэгтер:

жас әкім