«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына айрықша мән беремін – Мемлекет басшысы

Бүгін, 14:06 / Інжу Әлихан
Ақорда

Президент елордада өткен ауыл әкімдерінің диалог-платформасында елімізде азаматтардың өтінішін қарауға қатысты ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Елімізде азаматтардың өтінішін қарауға қатысты ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір ауыл әкімі бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы тұрғындардың мәселелерін еш қиындықсыз сараптай алады. Өтініш жолдаған әрбір адамның сауалына нақты жауап берілуге тиіс.

Әдетте, мұндай хаттардың көбі аймақтағы инфрақұрылым, соның ішінде, жол, аула және балалар алаңы туралы болады. Бұл – жергілікті жерде шешімін табуға тиіс негізгі мәселелер.

Бірақ әкімдіктер көп жағдайда мұндай өтініштерге атүсті қарайды. Амалы таусылған жұрт орталыққа, тіпті, Президент Әкімшілігіне шағымдануға мәжбүр. Азаматтардың өз әкіміне деген сенім деңгейін осындай хаттардың санынан байқауға болады», – деді Қ. Тоқаев.