Батыл шешім қабылдай алатын азаматтарды мемлекеттік қызметке көптеп тарту қажет – Президент

Бүгін, 13:58 / Дана Ізтілеуова
Ақорда

Мемлекет басшысы Астанада өтіп жатқан ауыл әкімдерінің диалог-платформасында кадрлар құрамын жаңарту үдерісі биліктің бүкіл тармағында және барлық деңгейде жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бәріңізге белгілі, елдегі өзгерістердің арқасында мемлекеттік қызметке мүлде жаңа адамдар келіп жатыр. Осы орайда, Президенттік жастар кадрлық резервін ерекше атап өткен жөн. Резервке қосылуға өтініш берген 30 мыңға жуық үміткердің ішінен 450 адам іріктеліп алынды. Олардың 72 пайызы басшылық қызметке тағайындалды.
Кадрлар құрамын жаңарту үдерісі биліктің бүкіл тармағында және барлық деңгейде жүргізіліп жатыр. Бұл – уақыт талабы. Бірақ осындай жауапты жұмыста саяси науқаншылдыққа жол бермеу керек.
Ең алдымен, тиімді ұсыныс айтып, пайдалы бастамалар көтеретін, батыл шешім қабылдай алатын азаматтарды, яғни кәсіби тұрғыдан білікті мамандарды мемлекеттік қызметке көптеп тарту қажет. Біз осы маңызды жұмысты жалғастыра береміз», – дейді Мемлекет басшысы.

Тэгтер:

Президент Ауыл әкімдері мемлекеттік қызмет батыл шешім