Шымкентте Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы ардагері Мұраталы Төлепбергенұлы өмірден өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ардагер Мұраталы Төлепбергенұлы ауыр соғыс жолынан өтті. Ол Брест қаласын азат етуге қатысқан және Украина,Польша жерінде соғысқан.
Көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін Отан соғысы орденінің II дәрежесімен, «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» және «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс үшін» медальдарымен марапатталған.