Жетісу облысында алаяқ 14 адамға несие рәсімдеп 40 млн теңгеге алдап кеткен

Бүгін, 10:06 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Жетісу облысында азаматтардың сенімін теріс пайдалану арқылы олардың атына несиелер мен микронесиелер рәсімдеп, жеке пайдасына жаратқан ер адамға қатысты қылмыстық іс бойынша сот талқылауы аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сотталған адам жәбірленушілердің жеке деректеріне және электрондық цифрлық қолтаңбасына қол жеткізіп, оларды заңсыз несие рәсімдеуге және ақшалай қаражатты иемденуге пайдаланған.

Қылмыстық әрекеттердің салдарынан 14 азамат зардап шегіп, келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 40 млн теңгеден асты.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Тэгтер:

Жетісу облысы