Шымкентте сүйіктісінің жағын сындырған жігіт сотталды

Бүгін, 09:40 / Алуа Арман
istockphoto.com

Шымкентте азаматтық некедегі әйелін ұрып-соғып, жағын сындырған жігітке үкім шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

2024 жылғы 1 мамыр кешкі уақытта сотталушы О. мен оның азаматтық жұбайы С. арасында жанжал туындап, оның барысында сотталушы жәбірленушіні бірнеше рет беттен ұрып, төменгі жақ сүйегін сындырып жіберген.

Прокурор С.-ға 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, азаматтық талапты қанағаттандыруды өтінді. Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындап, өзін ақтауды сұрады.

Сот О.-ны кінәлі деп танып, оған 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Азаматтық талап ішінара қанағаттандырылды.

Тэгтер:

Шымкент Әйел ұру жағын сындыру ұрып соғу