Түркістан облысында BMW көлігінен қару-жарақ табылды

Бүгін, 08:53 / Нұрлан Әлинұр
Фото: otyrar.kz

Түркістан облысында заңсыз қару сақтаған күдікті қолға түсті. Бұл туралы turkystan.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, Шымкент-Алматы тасжолында профилактикалық іс-шара кезінде Сайрам ауданының полицейлері BMW маркалы автокөлікті тоқтатқан.

Тексеру барысында екі тапанша, бір тегіс ұңғылы мылтық, сондай-ақ оннан астам оқ-дәрі мен гильза табылып, тәркіленді.

Оқиға заңсыз қару сақтау және тасымалдау бабы бойынша тіркелді, сараптама тағайындалды.

Полицейлер болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.