Маңғыстаулық оқушылар Италияда өткен халықаралық робототехника олимпиадасында жүлделі орын алды

Бүгін, 08:26 / Нұрлан Әлинұр
Gov.kz

Италияның Рим қаласында өткен "Fibonacci International Robot Olympiad" халықаралық чемпионатында Маңғыстау облысының жас өнертапқыштары зор жетістікке жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Беделді олимпиадаға әлемнің 14 елінен – Италия, Финляндия, Румыния, Германия, Испания, Дания, Норвегия, Швеция, Әзербайжан, Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Филиппин елдерінен келген дарынды оқушылар қатысқан болатын.

Жарыс қорытындысында маңғыстаулық өрендер 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

Жаңаөзен қаласындағы «Жаңа толқын» мектеп-лицейінің 5-сынып оқушылары Зинулла Абдул Мансур мен Ақмұрад Алдияр "Line Following" санатында І орынды иеленсе, "Lego Sumo" санатында ІІІ орынға ие болды.

Сонымен қатар, оқушылардың жетекшісі, №23 жалпы білім беру мектебінің информатика пәні мұғалімі Мұхит Әлібек ұстаздар арасындағы "Line Following" санатында ІІ орынды жеңіп алды.

Бұл жеңіс – Маңғыстау облысы білім саласының халықаралық деңгейдегі әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін дәлелдейтін жарқын нәтиже.