«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
«2025 жылғы 28 қарашада Астана, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Орал, Теміртау, Жезқазған, Қарағанды қалаларында түнде Қостанайда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі», делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.