Белгілі кәсіпкер әрі мотиватор Арзу Алмасова марқұм айтыскер Оразалы Досбосыновтың отбасына барып қайтқанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Айтуынша, ол бұл туралы өз парақшасында жазба қалдырған. Кәсіпкер Оразалы Досбосынов пен Ажар Түзелбекқызының балаларымен кездесіп, олардың жағдайын біліп қайтқанын айтқан.
"Оразалы Досбосынов пен Ажар Түзелбекқызының ұрпақтары. Балаларының маңдайынан иіскеп қайттық. Нұрайша мен Нұрсұлтан. Орны бар – оңалар. Құран бағыштадық", — деп жазды Алмасова.