Күн райы күрт құбылады: 13 өңірде ескерту жарияланды

Бүгін, 23:03 / Өтей Торғайұлы
Фото: fotorelax.ru

Синоптиктер 28 қараша күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының шығысында көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады деп күтіледі.

28-30 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында да тұман түседі деп болжанады.

Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі деп болжанады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман түседі деп болжанады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Павлодарда 28 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Тэгтер:

ауа райы Ескерту