Сотта тіс емханасында көз жұмған сәбиді дәрігерлердің құтқаруға тырысқан сәті түсірілген видео көрсетілді

Бүгін, 21:56 / Өтей Торғайұлы
көрнекі сурет

Астанадағы тіс емханасында көз жұмған 3 жастағы қызға қатысты сотта дәрігерлердің қызды құтқаруға тырысқан сәті түсірілген видео көрсетілді, деп хабарлайды turkystan.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Сағат 14:06-дан 15:04-ке дейін дәрігерлер қыздың жүрегін іске қосуға тырысып, оған шұғыл медициналық көмек көрсеткен, алайда баланы құтқару мүмкін болмады. Кадрлардан бөлмеде бөгде ер адамның болғаны да байқалады.

Ал сағат 14:56-да жедел жәрдем бригадасы келген.

Видеодан дәрігерлердің ата-ананы бірден шақырмағанын байқауға болады, ата-анасы палатаға кіргенде қыздарының көз жұмғанын көреді.

Прокурордың “неге бірден жедел жәрдем шақырмадыңыз?” деген сұрағына айыпталушы былай деп жауап берді:

“Жедел жәрдем бригадасы дәрігер мен фельдшерден тұрады. Дәрігер – реаниматолог емес, сондықтан олардың міндеті тек науқасты жансақтау бөліміне жеткізу. Мен реаниматологпын, әріптесім де солай. Біз кәсіби реанимациялық көмек көрсеттік, ал жедел жәрдем негізінен базалық көмек көрсетеді”, – деді айыпталушы.

Тэгтер:

Астана тіс