Әнші Толқын Забирова тойда ерекше образбен өнер көрсетіп жүргені жайында жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Жақында бір үйлену тойында «Призрак оперы» әнін орындауымды өтінді. Бұл мен үшін нағыз тосын сый болды, себебі әдетте «Призрак оперы» секілді күрделі және әсерлі шығармаларды осындай шараларда сұрамайды. Жалпы, шығарма қандай болса, образымда соған сай болсын деп осылай сахнаға шықтым", - деп жазды әнші әлеуметтік желіде.
Ал оның бұл әрекетін жақтап шыққан желі қолданушыларының қатары көп. Алайда киімге емес, әнге назар аударғандар саны да жеткілікті болды.
Олар: "Не деген әсерлі орындау! Керемет! Қайта-қайта тыңдадым", " Той иесі сұрап тұрса, неге орындамасқа", "Сара Брайтманның орындауында тыңдағанмын. Сіздің орындауыңызда кішкене...", "Жоғары деңгейдегі орындау" деп жазды.