Биржада доллар бағасы 516 теңгеге түсті

Бүгін, 16:46 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының орташа өлшемді бағамы 516,86 теңгені құрап, 1,75 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық банктің мәліметінше, 27 қарашаға арналған ресми доллар бағамы – 518,68 теңге.

Kurs.kz сайтының дерегіне сәйкес, қазіргі кезде Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағасы – 516,49 теңге, сату бағасы – 518,77 теңге.

Астанада долларды орташа есеппен 514,71 теңгеге сатып алып, 521,71 теңгеге сатады.

Шымкентте доллардың орташа сатып алу бағасы – 516,41 теңге, сату бағасы – 519,07 теңге.

Еске салайық, 24 қарашадағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,05 теңгеге өскен, 25 қарашада 1,52 теңгеге төмендеген, 26 қарашада 0,25 теңгеге өскен.

 

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге биржа нарық қор