Павлодар прокуратурасы медициналық ұйымдарда онкологиялық науқастарды мүгедектік пен әлеуметтік төлемдер алу үшін міндетті рәсім болып табылатын медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберілмегенін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жекелеген медицина қызметкерлерінің әрекетсіздігі салдарынан ауыр халдегі пациенттер іс жүзінде заңмен көзделген әлеуметтік қолдау шараларынан айырылған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 95 пациент МӘС-ке жіберілді, олардың 38-і мүгедектік дәрежесін алды, 57-сі сараптамадан өтуде.
Прокуратура ұсынуын қарау нәтижелері бойынша жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Прокуратура азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша жұмысты жалғастырады.