Атырауда 11 жастағы қызға алғаш рет «Тұсау кесер» рәсімі өткізілді

Бүгін, 16:04 / Інжу Әлихан
Скриншот

Атырауда күрделі операция мен ұзақ мерзімді оңалтудан өтіп, алғаш рет өздігінен қадам басқан 11 жастағы Айзереге «Тұсау кесер» дәстүрі өткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Atyrau_today_news Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Бұл рәсім әдетте тәй-тәй басқан сәбилерге жасалатындықтан, Айзеренің жағдайы көпшілік үшін ерекше әсер қалдырды.

Айзереге ота шетелдік хирург Андрей Кольцовтың жетекшілігімен, жергілікті дәрігерлердің қатысуымен жасалған. Соңғы үш жыл бойы қыз «Жұлдызай» орталығында тұрақты түрде оңалту курсынан өтіп келеді.

Мамандардың айтуынша, Айзеренің қадамы  –  оның табандылығы, отбасылық қолдау және дәрігерлер еңбегінің нәтижесінде мүмкін болған маңызды жетістік.